ТҮРКІСТАНДА «SARYAGASH OPEN – 2018» ТУРНИРІ ӨТТІ

304

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «SARYAGASH OPEN» ашық турнирі болып өтті. Біріншілік 3-4 қараша күндері Көктерек кентінде орналасқан «Altyn Bulak Golf & Health Resort» гольф клубында ұйымдастырылды. Турнирде Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ сынап, шет елдік және қазақстандық гольфисттер қатысты. Турнирге барлығы 48 қатысушы жіберілді. Халықаралық жарыстың тұсаукесерінде сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгін басталған «SARYAGASH OPEN 2018» гольф турнирі Сарыағаш курорт демалыс аймағын туризм ошағы ретінде көрші елдерге де насихаттайтын шара болмақ. Мақсаты — туған елге деген патриоттық сезімдерді жас ұрпаққа насихаттау, белсенді демалыс және экологиялық туризмді дамыту, облысты туристік дестинация ретінде қалыптастыру. Ендеше сіздерді өтіп жатқан «SARYAGASH OPEN 2018» гольф турнирі іс-шарасымен шын жүректен құттықтап, баршаңызға бақ-береке, мықты денсаулық тілеймін. Аталған шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтіп тұратынына сеніміміз мол» — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Әуесқойлық турнир Сэнт-Эндрюс Корольдік Гольф Клубының ережелеріне сәйкес және «Altyn Bulak Golf & Health Resort» жергілікті ережелеріне сәйкес жеке Stroke play форматында өтті. 1,2,3 орынды иеленген қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Өзге де номинациялар бойынша үздік ойыншылар ұйымдастырушылар мен демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтарды иеленді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *