Эко-жобаны жүзеге асыру үшін қаражатты қайдан алуға болады?

244

«3.2.1. Старт!» экологиялық жобалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Жас қазақстандықтарда жеке эко-жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. «3.2.1. Старт!» жобасының жаңа маусымы басталды. Байқауға 18-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Байқаудың жүлде қоры – 3 миллион теңге.

«Байқауымыз қайтарымсыз қаражатты ғана емес, сондай-ақ жобаларды құру мен алға жылжыту бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Жастар екікүндік bootcamp-қа қатысып, жобалық менеджмент, бизнесті жобалау, маркетинг және PR-стратегия бойынша семинарларға қатысып, тиімді бизнес-қатынастарды орнатады. Үлкен жетістіктерге деген жол бірінші қадамнан басталады. Біз жас қазақстандықтарға осы қадамды жасауға көмектесеміз. Әлем бойынша қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер көп. Ал осындай байқаулар қарапайым әрі тиімді шешімдерді табуға көмектеседі. Биыл байқауға қатысушылар үшін талаптар жеңілдетілді. Жеңіске жай идеялар ғана емес, сонымен қатар үлкен экологиялық жобалар да жете алады», – дейді байқау ұйымдастырушысы Алима Исембаева.

Оның айтуынша, байқаудың қазылар алқасы экология саласының отандық сарапшыларынан құралған. Жобаларды іріктеуде бірінші кезекте мәселенің өңірдегі өзектілігі, сонымен қатар команданың идеяны жүзеге асырудағы қабілеті сынды екі фактор ескеріледі.

Байқаудың былтырғы науқанына бүкіл республикадан 70-тен астам жас қатысты. Олар биопакеттер, пластикті жоюға арналған аппараттар, қалдық суларды тазалауға арналған вермифильтрация және Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған басқа да жобаларды ұсынды. Тұрмыстық қалдықтарды іріктейтін экобокс жобасының авторы Айбек Рахым бірінші орынды иеленіп, идеясын дамытуға 1,5 млн теңге көлемінде грант алды.

«Қоқысқа арналған экобокс өндірісін жолға қоюды үш жыл бұрын бастауға тырыстым. Бірақ, қанша тырысқанмен қажет ауқымды ала алмай отырдық, ал бұл істе көлем үлкен мәнге ие. «3.2.1.Старт!» байқауындағы жеңіс бизнесімізге жаңа серпін берді. Алынған қайтарымсыз қаражатқа 100 экобокс алып келдік, оларды өзіміз орнатып, өзіміз қызмет көрсетеміз. Қазіргі таңда экобокстарымызды 20-дан астам кәсіпорындар қолданады, оның ішінде балабақшалар, мектептер, университеттер бар. Бүгін өндірісте 7 адам жұмыспен қамтылған. Бұған қоса, «mytazalyk» мобильді қосымшасын іске қостық. Қосымшаны 5 мыңнан астам алматылық қолданады. Қосымша қала тұрғындарына пластик пен макулатураны қайта өңдеуге өткізіп, бонус

жинауға мүмкіндік береді. Соңғы екі ай ішінде «mytazalyk» арқылы алматылықтар 10 тонна қоқысты өткізді», – деді Айбек Рахым.

Эко-идеялар көп, оған сәйкес қоқыс мәселелері де ауқымды. «3.2.1. Старт!» байқауы идеяңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Байқауға қатысу өтінімдер 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Толық ақпарат www.321start.kz сайтында. Ал 29 қарашада Alma U университетінде «3.2.1. Старт!» фестивалі өтеді. Кіру – те




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *