«Бастау» халықаралық студенттік кинофестивалі өтеді

334

Алматы қаласында 2018 жылдың 5-8 қарашасында дейін студенттік фильмдер «Бастау» халықаралық фестивалі өтеді.

Фестиваль шеңберінде үздік студенттік фильмдерін іріктеу конкурсы жүргізіледі. Сондай-ақ, кино майталмандарымен шығармашылық кездесулер, тәжірибелік класстар ұйымдастырылады және фильмдердің конкурстық көрсетілімі болады.

Іс-шараның мақсаты: киноиндустрияны алға жылжыту және дамыту, студент жастарды кино өнеріне тарту.

Бұл шараға кино саласының қайраткерлері, кинорежиссерлер және БАҚ өкілдері қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *