Туризм саласында тұңғыш «NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» ұлттық байқауы өтеді

323

«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» конкурсына өтінім 10 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды baq.kz сайты.

Туризм саласындағы ұлттық байқау сала индустриясын дамытудағы жетістіктері үшін берілетін марапат ретінде тағайындалды. Байқаудың мақсаты — еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау және салаға инвестиция тарту мен туристік өнімдердің бірыңғай ақпараттық базасын құру. 17 арнайы және 2 қосымша номинациядан тұратын байқауға  туризм саласына қатысты ұйымдар  қатыса алады. Өтінім 2018 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады. 19-28 қараша аралығында онлайн дауыс беру жүргізіледі.

Марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында өтеді.

«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» байқауының номинациялары: — «Жылдың үздік жобасы» (фестивальдер, байқаулар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған); — «Үздік туристік компания»; — «Шетелдік туристер үшін үздік туристік өнім»; — «Отандық туристер үшін үздік туристік өнім»; — «Үздік гид-экскурсия жүргізушісі»; — «Үздік бизнес қонақ үй»; — «Туристер үшін үздік қонақ үй» (ұсынылатын қызметтер тізіміне сәйкес); — «Үздік аймақтық қонақ үй»; — «Үздік шипажай» (қызмет көрсетуі, тазалығы, қызметкерлер құрамы); — «Үздік хостел»; — «Балалар мен жастарға арналған үздік туристік жоба»; — «Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын іске асырылмаған); — «Туризм туралы үздік Instagram парақша»; — «Жылдың Travel фотографы»; — «Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»; — «Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»; — «Туризм бойынша үздік интернет жоба». Қосымша номинациялар: — «Туризмге қосқан үлесі үшін»; — «Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін».

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *