Астанада дәрігерлерге арналған фотокөрме өтуде

418

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Жақсы дәрігер» атты екі күндік фотокөрме өз жұмысын бастады, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Sultan magazine журналы, № 2 қалалық ауруxана «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Әлеуметтік жоба медициналық көмек көрсету деңгейін көтеруге және медициналық қызметкерлерге деген сұранысты арттыруға бағытталған.

Фотокөрме аясында тегін медициналық тексерулер, бос орындар жәрмеңкесі және қалалық медицина ұйымдарының бас дәрігерлерімен кездесу жоспарланған. Сонымен қатар, көрмеге келушілер тіс дәрігері, невропатолог, кардиолог, педиатр, терапевт және косметолог мамандардан тегін медициналық көмек ала алады.

Шара 6 қарашаға дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *