«Алтын бидай» шарушылығының мерейтойы тойланды

505

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданына қарасты Алтын бидай шаруа қожалығы 2003-құрылған, қожалық жетекшісі Мұқашев Бекболат Құспанұлы қазіргі кезде 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр, шарушылық егін егіп, күнбағыс- екпелі шөптерге қоса омарташылықпен айналысып, тұтынушыға таза бал жеткізеді. 2018 жылы егін ору науқанын апталаған ыстық пен қуаңшылыққа қарамай 734,5 гектар жерден күздік бидайдан орып, әр гектарына шақанда 25,5 центнерден өнім алса,күнбағыс 1197 гектардан 16,2 центерден өнім алды. «Алтын бидай» шаруашылықтың кұрылғанына 15 жыл толуы және науқанының сапалы аяқтады. Осыған орай шарушылық жетекшісі Мұқашев Бекболат «Алтын бидай» шарушылығының қызметкерлеріне рахметін айтты.

Мерейтой күні шаруашылықтың дамуына, өркендеп өсуіне үлес қосқан, диқаншыларына, ұжымда көптен жұмыс жасап келе жатқан еңбек озаттарына, ақшалай қосымша бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ахмулдин Асқар Сәбитұлына құрметті жұмысшы атағы мен 650 000 теңге, смартфонын табыстаса,он жылдан бері шарушылықтың механизаторы Омаров Қайратқа Еңбек ардагері белгісі мен бағалы сыйлықпен қоса 200 000 теңгеге ие болса, Хасанов Базартай Уалиханұлы да осындай марппатқа ие болғандар. Есқалиев Арон Таят ұлы, Рахметов Өтеу Орынғалиұлына, Рахмушев Қайрат Жүнісұлына, Қабдиров Қайратқа алғыс жарияланып, бағалы сыйлықпен қоса 200 000 теңге табыстады.Шарушылықтың комбайыншысы Сарапулов Михаил Георгиұлы 870 тонна бидай, 550 тонна шемекі жинағаны үшін теледидар мен 200 000теңгеге ие болды, ұжымның барлық еңбеккерлері ақшалай, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шаруашылық 2003 жылы Зеленов ауданынан 4451 гектар жер беріліп кұрылған, содан бері егіс шаруашылығымен айналысып келеді. Бастағанда ескі Беларусь, ДТ-75, Т-4 тракторларымен, ескі СК-5 комбайндарымен, дала жұмыстарын бастаған. Шарушылық жетекшісі Мұқашев Бекболат Құспанұлы техника паркін жаңартып, К-744, Джон Дир,алып тракторларымен қоса тырма, зиянды жәндіктермен арам шөптерге қарсы улағыш құралдарын,бес Вектор комбайыны мен үш камаз автокөлігі, шарушылыққа қажетті соңғы шықан әр түрлі техникалармен толықтырды. Диқаншыларға арнайы жатақхана, тұрақты үй салып, алынған өнімді жауын шашынға тигізбей, сақтау алаңдарын жаңадан салып бітірді.

Рафхат Халелов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *