Түркістанда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХХХV конференциясы өтті

91

Түркістанда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы — Қ.Жұмашев, облыс әкімі – Ж.Түймебаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Н.Жолдасов, Облыстық мәслихат хатшысы-Қ.Балабиев, партия филиалының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Бастауыш партия ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын Түркістан облысында жүзеге асыру барысы туралы өңір басшысы Жансейіт Түймебаев баяндады.

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов «Мемлекет басшысының 2019 жылы «Жастар жылы» деп жариялауы, падагогтар мәртебесіне арналған жаңа Заң қабылданатыны жайлы айтып, сөз сөйледі.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев: «Жолдаудың басым бағыттарының бірі – білімді дамыту. Өзгермелі уақыттың әлем алдындағы бүгінгі ең үлкен талабы – қоғамның адам капиталын дамытуға бейімделуі. Бұл «білім экономикасын» дамыту деген сөз.
​Осы міндет бізден бір қадам болса да ілгері жүріп, оза түсуді қажет етеді. Білімнің болашақтың экономикасына бейімделгенін қаласақ, біріншіден, бүгінгі кадрларды ертеңгі күннің сұранысына сәйкес даярлау қажеттігі туындайды. Тұрақты негізде және ұзақ мерзімді даму перспективасына жұмыс істегенде ғана біз нақты нәтижеге қол жеткіземіз», — деді.
Конференция барысында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстар туралы есебін баяндады.

Жиын соңында Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, партиялық бақылау комиссиясы сайланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *