Мұрат Бахтиярұлы: Ұлттық қордан алынатын кепіл трансфертті азайтамыз дейміз, бірақ жыл сайын арттырып отырмыз. Неге?

452

Ұлттық қордан 2019 жылы 150 миллиард, 2020 жылы 300 миллиард теңге жұмсау көзделуде.

Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстыру барысында бұл қаржының қайда жұмсалатындығы жайында сауал қойды:

«Біз былтырғы қарашада үш жылдық бюджетті қабылдадық. 2019 жылы Ұлттық қордан алынатын кепіл қаржы көлемі — 2,3 триллион теңге болып еді, биыл оны тағы да 150 миллиардқа өсіріп жатырмыз. 2020 жылы — 2 триллион алуды жоспарлап едік, тағы да 300 миллиардқа арттырдық. Бұның себебі неде? Шығын артты ма, әлде көзқарас өзгерді ме? Біз жыл сайын Ұлттық қордан алынатын қаржыны азайтуды көздеп отырмыз, сөйте тұра арттырып жатырмыз. Неге?

Бұл сауалға жауап берген Ұлттық экономиканың І вице-министрі Руслан Даленовтің дәйегіне сүйенсек, бюджетке  енгізіліп жатқан түзетулерге қарамастан, Ұлттық қордан алынатын кепіл трансферт бәрібір азайып жатыр. Мәселен, Ұлттық қордан алынатын кепіл трансферттің көлемі — 2017 жылы 2,8 триллион болса, 2018 жылы — 2,6 триллион теңге, 2019 жылы — 2 триллион 450 миллион теңге, 2020 жылы — 2,3 триллион, 2021 жылы — 2 триллион теңге жұмсау көзделуде.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *