Алматыда Денис Тенге арналған мемориалды тақта орнатылады

243

7 қараша күні аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көзі тірі кезінде тұрған үйге мемориалды тақта орнатылады және «Денис Тен қоры» ресми түрде таныстырылады, деп хабарлайды baq.kz агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

Шараға КСРО-ның мәнерлеп сырғанаудан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ресей құрамасының кеңесшісі Татьяна Тарасова қатысады. Ол Қазақстанға бірінші рет келеді.

Мемориалды тақта Назарбаев даңғылы, 48 мекенжайында ашылады. Ал қордың таныстырылымы Халық Аренада өтетін болады. 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *