Сбербанк Brand of the Year от World Branding Awards сыйлығының жеңімпазы атанды

307

Лондонда өткен World Branding Awards рәсімінде Сбербанк банктер категориясында жыл бренді деп танылды. Бұл туралы аталған банктың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Brand of the Year сыйлығының жеңімпаздары әлемнің көптеген елдерінде тұтынушылардың дауыс беруі нәтижесінде анықталады. Марапат беруді ұйғаруда компаниялардың бейінді бизнесіндегі және брендті дамытуындағы жетістіктері негізгі фактор болып табылады. Қорытынды ұпай шығаруда компания үш критерий бойынша бағаланады: нарықты зерттеу, брендті бағалау және тұтынушылардың онлайн дауыс беруі.

Сбербанк Brand of the Year марапаты тарихында сыйлыққа ие болған бірден-бір ресейлік банк.

Владислав Крейнин, Сбербанк Вице-президенті — Маркетинг жөніндегі Директоры:

«Бренд жетісітігі — бұл компанияның бизнес-жетістіктерінің нәтижесі. Біздің клиенттік базаның, мобильді қосымшаны күнделікті пайдаланушылар санының артуы, клиенттердің бейілділігі, жаңа өнімдерді дамыту және жарнамалық белсенділік — бұлар брендтің нарықта дамуының негізгі факторлары болып табылады. Кәсіби қауымдастық біздің жұмысымызды жоғары бағалағанына қуаныштымыз. Бірақ біз үшін бұл — бастама«.

World Branding Awards марапаттау рәсімдері штаб-пәтері Лондонда орналасқан World Branding Forum коммерциялық ұйымымен 2014 жылдан бастап өткізіледі. 2016 және 2017 жылдары Сбербанк банктер номинациясында Brand of the Year марапатының иегері атанған.

Сбербанк Brand Finance нұсқауы бойынша ең қымбат ресейлік брендтер рейтингін басқарады және әлемнің 25 ең қымбат банктік брендтері қатарына кіреді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *