Алматыда Денис Теннің үйіне ескерткіш тақта орнатылды

376

Алматыда танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен туған және бүкіл саналы ғұмырын өткізген үйге ескерткіш тақта орнатылды,-деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі.

Арман Қырықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

— Алматы әкімі Бауыржан Байбек Петропавлға Қазақстан мен Ресей президенттерінің шекара ынтымақтастығы бойынша кездесуіне ұшып кеткендіктен, ашылу рәсіміне қатыса алмады. Біз әйгілі чемпионамызды ұмытпас үшін түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Оның отбасымен бірге батырымыздың болашақ ескерткішінің кескінін жасап жатырмыз. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін ескерткіш көктемде орнатылады деп үміттенеміз. Әкімдік Денис Теннің құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Оның нақты күнін спорт қоғамдастығымен және Денистің анасымен келісеміз.

Ашылу рәсіміне Кеңес Одағының және Ресей бапкері Татьяна Тарасова, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева және спорттағы достары қатысып, естеліктер айтты.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *