АҚШ-тағы сайлау: Трампқа қиын болатын сыңайлы

405

АҚШта midterm сайлауы өтіп жатыр.

Осы сайлауда Өкілдер палатасында 435 депутат (House of Representatives) толығымен қайта сайланады. Ал Сенаттағы 100 орынның 36 үшін күрес жүріп жатыр. Онымен қоса 36 штат губернаторы қайта сайланбақ. Бақылаушылар сайлаушылар белсенді қатысып жатқанын айтады.

АҚШта құндылықтар тартысы жүріп жатқан сынды. Барак Обаманың демократтардың сайлау компаниясына белсенді қатысқанын көрдік. Екі партия үшін де бұл шешуші болуы мүмкін.

Қазір екі палата да республикашылдар бақылауында. Өкілдер палатасында басымдық алу үшін демократтарға 23 орынды қосымша алу керек. Ал сенатта кемі 2 орын қажет.

The Associated Press ақпараты бойынша қазір Сенатта 49 орын Республикалық, ал 38 орын Демократиялық партия алып тұр. Осылайша Сенатта жағдай өзгермейтін сынды.

Ал Өкілдер палатасында 435 орынның 287 бойынша нәтиже шықты. Әзірше 150 орынды — Республикалық, ал 140 — орынды Демократиялық партия алып отыр.

Сарапшылар Өкілдер палатасында демократтар басымдықты алса Трамп әкімшілігі үшін қиын болады деп отыр. Десе де Сенат арқылы да біраз мәселені шешуге болады.

Бұл сайлау әлем саясаты мен экономикасы үшін маңызға ие. Протекционизм саясатын ұстанып келе жатқан Трамп «сауда соғысын» бастады. Осы жағдай біздің экономикаға да әсері болары сөзсіз.

Қысқасы, бірнеше сағаттан соң сайлаудың толық нәтижесін әрі Трампқа деген сенімнің бар не жоғын білетін боламыз.

Руслан Желдібайдың фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *