ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

91

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысының міндеттерін уақытша атқарушы болып Жүнісов Ержан Қошқарәліұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Е. Жүнісов 1985 жылы Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «журналистика» мамандығын тәмәмдап, Ыстамбұл қаласы «Мармара» универсиетінің магистратура бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы қызметінен бастап, әр жылдары жаңалықтар бөлімінің корреспонденті, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған. 2013-2018 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі АҚ «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.

Айта кетерлігі, баспасөз орталығы съезд, конференция, кеңесулер және т.б. өткізулер кезінде ұйымдастырылатын немесе әлдебір ұйым, мемлекеттік билік органдары жанында тұрақты қызмет ететін ақпарат қызметі.

Баспасөз хатшысы – Президент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *