Ордабасыда жаңа зауыт ашылды

82

Түркістан облысында пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт жұмысын бастады.

«Шымкент» ƏКК» АҚ филиалының мәліметінше, аталған инвестициялық жоба «TURKISTAN INVEST» компаниясының  «Green technology industries» ЖШС арқылы жүзеге асырылуда. Ордабасы ауданының «Бадам» индустриялдық аймағында 4 гектар жерде орналасқан зауытқа 5 млрд 985 млн теңге жұмсалған.  Енді кемінде 250 адам  тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таңда өндіріс ошағында ПЭТ түйіршіктерін өндіру басталды. Ал,  келер жылдың наурызында талшық өндіру жұмыстары  қолға алынбақ.

Мамандардың айтуынша,  қайта өңдеу кезінде шикізат ретінде пластикалық қалдықтар пайдаланылады. Бұл инвестициялаудың   перспективалы бағыты болып табылады. Егер біраз уақыт бұрын бұл болашақтың «бизнесі» деп саналған болса, бүгінгі күні  тек Қазақстанда немесе Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша маңызды өндіріс болып есептеліп отыр. Дайын өнімді кәсіпкерлер ТМД елдеріне экспорттайды.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *