Астанада Денис Тенді еске алуға арналған фотокөрме өтеді

82

Астанада атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған фотокөрме өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Mega Silk way» СОСО-да Денис Тен түсірген фотолардың көрмесі ұйымдастырылып, Олимпиада жүлдегері қатысқан айтулы спорттық жарыстардағы суреттер мен Денистің әріптестері түсірген видео-жобалар ұсынылады.

Көрмені 10-20 қараша аралығында тамашалауға болады. Кіру тегін.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *