Самұрық-Энерго мен АДБ арасындағы 30 млрд. теңгелік кредиттік келісім жасалды

291

Бүгін Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ мен Азия даму банкі (АДБ) арасында жалпы сомасы 80 млн. АҚШ доллары болатын кредиттік келісімдер жасалды. Заем теңгеде беріледі, ол шамамен 30 миллиардқа сәйкес келеді. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі хабарлайды. 

«Самұрық-Энерго» өзінің кредиттік портфелін оңтайландыру мақсатында өткізген маңызды мәміле қазақстандық аса ірі энергетикалық холдинг пен беделді халықаралық қаржылық даму институты арасындағы ұзақ мерзімді және мығым әріптестікті ресми түрде бекітті. АДБ үшін Самұрық-Энергомен жасалған келісімдер Қазақстан Республикасындағы алғашқы және бірегей тәжірибе болып табылады, өйткені кредиттер ұлттық валютада берілуде. Қаражат жалпы корпоративтік мақсаттарға, тиімділікті арттыруға және қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталады деп көзделген.

Салтанатты түрде құжаттарға қол қою рәсімі «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламановтың, АДБ Орталық, Оңтүстік және Батыс Азия бойынша инфрақұрылымдық қаржы жөніндегі операциялық департаментінің директоры Шантану Чакрабортидің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың қатысуымен өтті.

Бақытжан Жоламановтың сөзінше, АДБ секілді аса ірі даму институтынан кредиттік қаражат тарту «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвесторлық базасы кеңейіп, нығая түсуіне септігін тигізеді, және, тұтас алғанда, банк пен нарық тарапынан білдірілген жоғары сенім деңгейінің көрсеткіші болып табылады, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына «Самұрық-Энергоның» сәйкес келетінін растайды.

Өз кезегінде Азия даму банкінің өкілі «Самұрық-Энерго» ұстанған бағыт АДБ-ның 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиясына қай жағынан болса да сай келеді, деп атап өтті. «Оның үстіне, бұл стратегия әр елге арнап былтыр бекітілген, Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы әріптестік стратегиясымен тығыз қабаттаса жүреді және үкіметтің кепілінсіз мемлекеттік құрылымдарды дамытуды басты назарда ұстайды. Азия даму банкінің Жеке операциялар департаментінің қызметі туралы айта отырып, біз Қазақстандағы жобаларға қатысуымызды айтарлықтай кеңейткіміз келетінін мәлімдейміз және қазіргі уақытта біз жаңартылатын энергия көздерінің үш жобасы бойынша терең жұмыс істеп отырғанымызды айтқымыз келеді», — деді Чакраборти мырза.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *