Мектептерде жаңа пән оқытылады

115

ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 және 7 сыныптарға «Өлкетану» курсы енгізілетінін мәлімдеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы оқу жылынының екінші жартыжылдығынан бастап, алғаш рет 5 және 7 сыныптарға «Өлкетану» курсы енгізіледі. Оқулығы дайын. Жергілікті атқарушы органдар сатып алу жұмысын жүргізуде», — деді ол.

Сонымен қатар вице-министр биыл 1 және 11 сыныптарға арналған жаңа типтік оқу жоспары бекітілгенін айтты. «Енді бір ғана типтік оқу жоспары болмайды. Бірнеше типтік оқу бағдарламасын дайындап бекітітік. Мектептер өздеріне жарамды бағдарлама бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік бердік. Барлық мектептерде осы типтік оқу бағдарламасын арқылы академиялық дербес деп есептейміз», — деді вице министр.

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *