Елбасы Петропавлға келді

101

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына келді, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.  Елбасы шаһардағы жаңа Оқушылар сарайы мен Киров атындағы зауыттың жұмысымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысына РФ Президенті Владимир Путин бастаған делегация да сапарлайтыны күтілуде. Мемлекет басшылары алдымен форум қарсаңында ашылған «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты  көрмемен танысуға барады. Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ басшысы Владимир Путиннің қатысуымен өтетін пленарлық отырыста екі елдің туризмін дамыту мәселелері талқыланады. Форум барысында Қазақстан мен Ресейдің ведомство өкілдері, облыс басшылары туристік саланың әлеуеті жөнінде таныстырылымдар өткізеді. Осыдан кейін қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *