«ҮКІЛІ ҮМІТ – 2018» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АЙША БАҚЫТЖАН КОНЦЕРТТІК КЕШІН ӨТКІЗДІ

277

Түркістан облысы білім басқармасының «Арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «а» сынып оқушысы Айжан Бақытжан «Өмір ғажап сіздерменен» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік кешін өткізді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айжан Бақытжан «Үкілі үміт» балалар байқауының жеңімпазы. Оның  «Өмір ғажап сіздермен» атты концертіне арнайы Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысты. Ол жас дарын иесіне ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.

«Құрметті Айша! Бүгінгі концерттік кешің құтты болсын. Өнердің биік шыңдарын бағындыр. Мақтааралдың мақтанышы болып жүре бер. Аудан әкімдігі әрқашан жас дарын иелерін қолдауға әзір. Өнерің өрге жүзсін!» — деді Алтын Күнтуқызы.

Айта кетейік, концерттік кештің иесі Айжан Бақытжан жанды дауыспен де ән шырқады. Сондай-ақ, бірнеше ұлттың биін билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *