ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАУБАЙХАНА ТӘУЛІКТІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 50 МЫҢ ДАНАҒА ЖЕТТІ

118

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты,-  деп хабарлайды kazgazeta.kzТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 млн. теңге болатын «Яссы нан» ЖШС-не табан тіреді. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Уақыт өте келе қала тұрғындарынан біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейлінше ұлғайды. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжық өнімінің 15 түрі шығарылады», – деп кәсіпорын басшысы Насиба Сабырқызы нанға деген сұраныстың өсуіне байланысты өнім көлемін көбейткенін айтты.

Насиба Атаева өз есебінен жобаға қосымша 800 млн. теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Аталған мекеме Түркістан қаласын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, бүгінгі таңда өңірдегі баға тұрақтылығын сақтап отыр.

Жансейіт Түймебаев сонымен қатар, құрылыс заттарын шығарумен айналысатын «Яссы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де аялдады. Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, отандық кәсіпорынның өнім шығару әлеуетімен кеңінен танысты. «Яссы құрылыс» 2012 жылы құрылған. Қазіргі таңда өндіріс орнында 120 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 138 000 тонна темір бетон бұйымдарын шығарып, ішкі нарықты отандық құрылыс заттарымен қамтамасыз етіп отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *