Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: Монополистер жасанды шығындарын халық есебінен жауып отыр

359

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова монополистермен белсенді күрес жүргізу үшін монополияға қарсы органның статусын көтеру қажет деген пікірде.

Депутаттың сөзіне құлақ түрсек, қзақстандықтардың соңғы үш жылдағы кірісі 28,3 пайызға, ал су мен жылу секілді коммуналдық төлемдердің тарифі – 22,9 пайызға, электроэнергия – 15,4 пайызға артқан.

«Жақында Бас прокуратура Президент тапсырмасы бойынша монополистердің электр және жылу тарифтерін жасақтаудағы іс-әрекетіне тексеру жүргізген еді. БАҚ-та жарияланған тексеру нәтижелеріне көз жіберсек, заңды белінен басқан монополистер өз қалталарының шығындары мен күмәнді келісімдерді жабу үшін тарифті 29 миллиард теңгеге  заңсыз көтерген. Тарифтер қызметкерлерге төленген негізсіз сыйақылар мен бонустарды, несие бойынша өтемақыларды төлеу үшін көтеріліп келген. Шығындарды арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарымен айналысатын, құрал-жабдықтарды жоғары бағамен сатып алатын жалған кәсіпорындар ашып келген. Заңсыз тапқан табыс көлеңкедегі компаниялар арқылы айналысқа еніп, жасанды шығындар халық қалтасынан төленіп келген», — дейді депутат.

Депутаттың пікірінше, бұл жағдаймен күресті тиімді ету үшін монополияға қарсы органның құзыретіне табиғи монополиялар субъектілері мен оның контрагенттерін тексеретін өкілеттілік берілу керек.

 

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *