Түркістан қаласының тұрғындарының саны 2050 жылы 500 000 адамға жетпек  

409

Түркістан қаласын дамыту мақсатында 2018-2021 жылдарға арналған тұжырымдама дайындалды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаланы дамыту туралы жоспарымен бөліскен брифингте Түркістанды дамыту үш аумақтық зона бойынша жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Бұл – 89 гектар аумақты алып жатқан тарихи территория, 98 гектарды қамтитын – құрылысты реттеу алаңы және 700 гектарға жететін әкімшілік-іскери орталық.

 «Қасиетті Қ. А. Иассауи кесенесінің аумағына енетін 89 гектар аумаққа амфитеатр, фонтан, мәдени-ойын-сауық орталықтары, ашық аспан астындағы музей және келушілерге арналған орталық салыну жоспарлануда.

Екінші зонада «Қазақстан — Назарбаев», «Қазақ хандары, билері», «Ұлы Дала елі», шығыс моншасының ғимараты, Түркі әлемінің орталығы, Қ. А. Иассауи орталығы, «Астана» саябағы, сондай-ақ, бейнелеу өнері музейінің  және тарихи-мәдени орталық ғимараты орналаспақ.  Үшінші зонада қаланың әкімшілік-іскери орталығы салынады», — деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.

Сондай-ақ, қала халқының санының артуына байланысты төмендегідей жобалау кезеңдері қабылданды: 2018 жылы – 161 мың адамға, 2035 жылы – 350 мың адамға, 2050 жылы қала халқының саны – 500 мың адамға жеткізу жоспарланып отыр.

«Қазақ газеттері»




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *