Арыс қаласында «Отан — отбасынан басталады» байқауы өтті

512

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті.

Тартысты өткен жанұялар жарысының нәтижесінде Әлімбаевтар  отбасы еш командаға дес бермей бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ  І-орынды Искеновтер, ІІ-орынды Жұмабаевтар, ІІІ-орынды Байырбековтар отбасы иеленсе, Абуовтар, Өмірбаевтар, Смайловтар, Өтегеновтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.

Естеріңізге салар болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өткен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *