«Айка» фильмі Германияда бас жүлдеге ие болды

598

Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальдің гран-при жүлдесін иеленді, деп хабарлайды kazgazeta.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Конкурста 40 елден 190 фильм бақ сынаған. «Айка» кинотуындысы гран-примен қатар қазылардың арнайы жүлдесін де жеңіп алды. Картинаның режиссері – Сергей Дворцевой. жергілікті көрермендер еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге  жоғары баға берген. Олардың айтуынша, Самал Еслямованың рөлді шынайы, асқан шеберлікпен сомдауы фильмнің өзге бәсекелестерінен дараланып, озық шығуына сеп болған. Осыған дейін Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді. «Мен мұндай фестивальдерге көптен бері қатысып келемін. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады, әрине. Фильмнің түсіріліміне дайындық басталғанда, ойланбастан Самалды рөлге бекіттім. Ұлты қырғыз болмаса да, қырғыз тілін үйреніп, өте жақсы ойнады», — деді «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевой.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *