«Самұрық-Энерго» АҚ 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 307 миллионға жуық теңге үнемдеген

646

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде, «Самұрық-Энерго» АҚ 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 307 миллионға жуық теңге үнемдей алды. Бұл туралы Астанада өткен Энергия үнемдеу жөніндегі бірінші халықаралық форум аясында сөйлеген сөзінде «Самұрық-Энерго» АҚ Департамент директоры Владимир Асташов хабарлады. Ол сондай-ақ электр энергиясы холдингінің энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптар мен іс-шараларды орындауының барысы, холдингке қарасты энергия және кен өндіруші кәсіпорындар жұмыскерлерінің рационализаторлық ұсыныстары туралы әңгімелеп берді. Мәселен, «Энергоремонт» ӨЖК, Каскад ГЭС және «АлЭС» АҚ Бас офисі ГЭС-2 су турбинасына арнап ожауы шешілетін жұмыс дөңгелегінің чертежін әзірледі, «PROGRESS GROUP-ARUNA» ЖШС Алматы қаласындағы Каскад ГЭС-тің су турбиналарына арнап жұмыс қалақшаларын дайындады. Нәтижесінде экономикалық тиімділік 47 млн. теңгені құрады.

Аталған іс-шара барысында «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері холдинге қарасты компаниялар арасындағы ең үздік рационализаторлық ұсыныс үшін грамоталармен және жүлделермен салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді. 2018 жылдың 9 айында өндірістегі жалпы саны 60-тан астам рационализаторлық ұсыныс мақұлданып, олардың ішінде ЕГРЭС-2 – 2 ұсыныс (тиімділігі 67 млн. теңге), АлЭС – 23 ұсыныс (48,2 млн. теңге), Богатырь- Көмір – 30 ұсыныс (505,6 млн. тенге) көш бастады.

«Богатырь-Көмір» ЖШС бас энергетигі Нұрлыбек Шақаұлы Жұматаевтың сөзінше, «Богатырь көмір кенішінің» географиясы кең, сондықтан энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға қатысты көптеген міндеттердің шешілуін қажетсінеді. Өңірдің энергетикасын басқарудың кешенді жоспарын орындау аясында, кәсіпорында жыл сайын Энергия үнемдеудің нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді, оны іске асырудың арқасында 2017 жылы 500 миллионға жуық теңге үнемделді. Бұл жерде сөз жалпы жылу, электр энергиясын және суды үнемдеу туралы болып отыр. Биыл кәсіпорындағы 1600-дей жарық түсіру нүктелерін LED жарық лампаларына ауыстыру бойынша энергия-қызмет көрсетуге шарт жасасу жұмысы жалғасуда, бұл да энергияны едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді».

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *