Стамбулда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрмесі өтуде

105

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ТҮРІКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен 9 қараша күні Түркияның Стамбул қаласындағы Түрік және ислам ескерткіштері музейінде «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылды. Түркия жұртшылығының назарына ұсынылған көрмеге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі ерекше сән берді. Көрме Қазақстан Республикасы және Түрік Республикасы арасындағы халықаралық мәдени ынтымақтастығы аясында өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің бай коллекциясын паш ететін халықаралық көрменің ашылу салтанатына екі елдің мемлекет басшылары, атап айтсақ, Дүниежүзі қазақтарының жанынан құрылған «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев, Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы – Бағдат Әміреев, «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының Бас хатшысы, профессор Д.Қ. Қасейінов, Түрік Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Haydar Ali Yildiz, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы сынды танымал тұлғалар қатысып, көрменің екі ел арасындағы мәдени байланыстың ары қарай дамуына, халықтар арасындағы достықтың нығаюына қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Стамбул Мәдениет және туризм басқармасының директоры Coşkun Yılmaz, Түрік және Ислам ескерткіштері музейінің директоры Серажетдин Шахин де өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Ежелгі көшпелілер мәдениеті және қазақ халқының тарихи-этнографиясы деп аталатын екі бөлімнен тұратын көрмеде Қазақстанның ұлттық игілігіне айналған, әлемдік мәдениет жауһарларының бірі – 1969 ж. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам және ежелгі көшпелі халықтың алтын бұйымдары, Жетісу өңірінен табылған сақтар мен үйсіндердің ғұрыптық заттары – шырағданның үш тағанды бөлігі, қазан, ғұрыптық ыдыстар, шырағдан, тарихи және көркемдік құндылығы теңдесіз жәдігерлер – XIX –XX ғғ. дәстүрлі киім үлгілері мен зергерлік өнер туындылары, тұрмыстық бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылып отыр.

Көрме осы жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *