Түркістанда мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері қызықты акцияға қатысты

431

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен мемлекеттік қызмет мектебінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Студенттердің ХҚКО-дағы бір күні» акциясы өтті.

Аталған акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында ұйымдастырылды. Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерімен таныстыру және халыққа сапалы қызмет көрсетудің тәсілдерін үйрету. Акция аясында мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша электрондық қызметтерді насихаттап, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді. Естеріңізге салсақ, бұдан алдын мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына департаменттің бір күндік жұмысымен таныстыру және мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндік ұсыну мақсатында департаментпен ашық есік күні ұйымдастырылған болатын. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *