Жетісай ауданының ардагерлері бас қосты

628

Жетісай ауданында ардагерлер бас қосып, алқалы жиын өткізді. Пленумда  ардагерлер Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы айтылған мәселелерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарларын сайлады.

Жиын барысында бүгінде күн санап қатары өсіп келе жатқан суицид, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен ерте жүктіліктің алдын алуда ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу керектігі сөз болды. Ислам дінімен біте қайнасқан салт-дәстүрімізді сақтау, жаназаларда ата-атаға, ру-руға шапан таратып, аста-төк дастархан жаюдың қате екені де жетісайлық ардагерлердің назарынан тыс қалмады. Пленум соңында алт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіруде, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен ынтымақты сақтауда аянбай тер төгіп келе жатқан аға буын өкілдерінің бірқатарына Жетісай ауданы әкімінің, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларының алғыс хаттары табыс етілді. «Ынтымақ» қоғамдық бірлестігінің «Әйтеке бидің 350 жылдық» медалімен марапатталып, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарлары сайланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *