Түркістан облысында кәсіпкер 1,1 млрд теңгеге балабақша салды

325

Сарыағашта баламасы жоқ балабақша ашылды.

Жібек жолы ауылдық округінде ел игілігіне берілген бөбекжайдың жобалық құны – 1,1 млрд теңге. Заманауи нысанды жергілікті кәсіпкер Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алып, туған ауылына тарту еткен. Жалпы, аудан бойынша 16 мемлекеттік, 181 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр. Бұларда 22 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Жібек жолы ауылында ашылған баламасы жоқ балабақшаға баратын балалар қандай бақытты дерсіз. Өйткені заман талабына сай салынған ғимараттың ішінде балаға қажеттінің бәрі бар. Бүлдіршіндер үш тілде білім алып, жан-жақты дамиды. Мұнда 3 концерт, 2 спорт залы, би, гимнастика алаңдары бар. Сондай-ақ логопед, дефектолог, психолог бөлмелері жұмыс істейді. Ойын алаңдары мен жатын бөлмелері де ерекше. Көз тартар кереметтің бәрі бүлдіршіндердің қуанышы үшін жасалған. Балабақша 450 орынға лайықталған. Қазір мұнда 18 топ жасақталған. 75 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Мұнда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің ғана емес, еңбек ететін тәрбиешілердің де көңілі көтеріңкі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *