Шардара ауданында мақта өңдеу зауыттары салынуда

456

Түркістан облысында 6 млрд теңгеден астам қаражатқа екі мақта өңдеу зауыты салынып жатыр. Шардара ауданында орналасқан екі кәсіпорынды іске қосу осы қараша, желтоқсан айларының соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz. Зауыттардың бірін салуға инвесторлар 5 миллиард 475 миллион теңге қаражат салды. Нысанның жалпы аумағы — 13 гектарды құрап отыр. 250-300 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорыннның өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тоннаға жетеді. Дайын өнім толықтай Қытай еліне тасымалданатын болады. Бүгінгі таңда мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген. Ал, екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен жүргізілуде. Жобалық құны 890 млн теңгені құрайтын нысан «Шардара» индустриялдық аймағында 10 гектар жерге салынуда. Өндірістік қуаттылығы 50 мың тонна болатын зауытта 50 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл компанияның өнімдері де Қытайға экспортталады деп жоспарланған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *