Кентау қаласында «Бейбітшілік пен келісім Қазақстанның таңдауы» тақырыбында фестиваль өтті

255

Кентау қаласында этномәдени орталық өкілдері халық әндерін орындап, қаражорғаны биледі – деп хабарлайды  kazgazeta.kz ақпараттық порталы ERNUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Кентау қалалық Жастар орталығында «Бейбітшілік пен келісім Қазақстанның таңдауы» тақырыбында фестиваль өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараның басты мақсаты қазақ тілін, салт дәстүрін насихаттау.

Қаладағы және қалаға қарасты ауылдардағы мектеп оқушылары мен жас мамандар және жоғары оқу орындарының студенттері фестивальге өте жоғары белсенділікпен қатысты. Бірінші кезеңде «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбында әр ұлт өкілдерінің салт – дәстүрлерін дәріптей отырып, қазақтың халық әндерін орындап, мың бұрала би биледі. Ал, екінші кезеңде қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрін насихаттау мақсатында топ болып көрініс көрсетті. Қалалық өзбек этно мәдени орталығының төрағасы Хашим Абдуалиев, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұратбек Абдуллаев, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайындағы би үйірмесінің жетекшісі Роза Тұрсынбаева, қалалық жастар орталығының инспекторы Рахиля Әлімбекова, қалалық орталық кітапхананың библиографы Наргиза Дауенова әділ қазылық еткен шарада жеңімпаздар аныталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль соңында байқаудың басты ұйымдастырушысы «Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Тойшиева ел ішіндегі ынтамақ – бірлікті сақтауда және астардың отансүйгіш қасиеттерін көтеруде мұндай игі істерді жиі ұйымдастыратындығын жеткізді.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Бұл қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. «Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігі бұған дейінде көптеген іс-шараларды ұйымдастырдық, алдағы уақытта да бұл бағыттағы игі істерімізді жалғастыра береміз — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *