Ордабасы ауданында Бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп-беру жиыны өтті

626

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында орналасқан Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінде 300 кәсіподақ мүшелері жұмыс істейді. Жиынға 279 кәсіподақ мүшесі қатысты.

Мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – физика пәнінің мұғалімі Иманбаева Айым Есіркепқызы.

2018 жылғы 10 қарашада мектепте өткен бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру – сайлау жиналысының  қорытындысы бойынша, көпшіліктің дауыс беруімен, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Иманбаева Айым Есіркепқызы қайта сайланды.

Сондай-ақ, тексеру комиссиясы 3 адамнан тұратын құрамда қайта сайланды. Тексеру комиссиясының төрағасы болып  Бекболатов Нұржігіт Даулбаевич сайланды.

Мектепте оқыту мен оқу жүйесінде, тәрбие жұмыстарында және оқушыға сапалы білім беруде, ұжымның өзара ынтымақтастығы мен сыйластығы зор септігін тигізіп отыр. Оның негізі мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына тікелей байланысты.

Есеп беру-сайлау жиналысына Білім және ғылым қызметкерлерінің Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмек қатысып, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап берді және бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына табыстар тіледі.

Әуесханов Серік Елемесұлы,

«Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша

кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *