ОТЫРАРДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТҚА 7500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

192
 Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге Шасыру, латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен жапыхалықтық шараға отырарлықтар да үн қосып, бір мезетте 7500-ге жуық халық латын қарпінде диктант жазды. Диктант мәтіні арнайы аудио жазба арқылы танысу, диктант жазу және емле тексеру үшін үш рет тыңдалды.
Диктант кезінде жергілікті тұрғындар еш қиындық болмағанын, сарапшылар ұсынған латын әліпбиінің қолайлы екенін айтып, шара барысында белсенділік танытты. Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлт, ел бірлігін нығайту мақсатында өткен шараның мемлекетіміздің келешегі үшін маңызы зор. Өйткені, латын әліпбиіне көшу арқылы ел жастарының білім және ғылым жолындағы ізденістеріне даңғыл жол ашылады. Сондай-ақ бұл еліміздің дамыған 30 елдің қатарына ену жолында жасаған игі қадам деп айтуға толық негіз бар.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *