Дөңгелек үстелге шақырамыз

265

 20 қарашада «Ұлттық кітапхананың» «Кітапхана тану» залында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» — интеллектуалдық-пікірсайыс клубының алғашқы отырысы өтпек.

«Наркескен» — интеллектуалдық-пікірсайыс клубының негізгі бағыты қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік тақырыптарды ортаға салу, түрлі мамандармен пікірсайыс ұйымдастыру. Оның алғашқы отырысы – «Аудармағы түйткілдер» деп аталады. Қазақстан тәуелсіздігін алған 27 жылдың ішінде, қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткен 30 жылда қазақ тілінің ғылыми әлеуеті қаншалықты артты? Қазақ тілінің термин жасау мүмкіндіктері қандай? Жаңадан қабылданған терминдер көпшіліктің көңілінен шыға ма? Аударма жасау барысында аудармашылар қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болады? Бүгінгі отырыстың талқысына түсетін мәселе осы.

Дөңгелек үстелге А. Байтұрсынұлы атындағы Тілі білімі институтының мамандары, «Ұлттық аударма бюросының» қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және т.б. аударма мәселесімен шұғылданып жүрген мамандар шақырылды.

Дөңгелек үстел 2018 жылдың 20 қарашасында, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық Кітапханасының «Кітапхана тану» залында өтеді.

Егер Сізді ұлттық тілдің болашағы толғандыратын болса, келіп қатысыңыз, аудармадағы түйткілдерге қатысты өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

Құрметпен,

Ұйымдастырушылар алқасы  Байланыс телефондары:

87077055799,




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *