«Асан» фильмі Бакуде арнайы жүлдеге ие болды

370

Режиссер Берік Жахановтың қысқаметрлі «Асан» фильмі 9-шы Халықаралық Start film festival кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін иемденді. Фестиваль қарашаның 14 мен 17 аралығында өткен. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  бұл картина әкесін ақтық сапарға шығарып салуға жолға шыққан бозбала туралы баяндайды.

Фестивальге мықты фильмдер қатысты. «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы мен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз. Түсірілім тобын жеңіспен құттықтаймын, — деді әзербайжандық көрермендерге фильмін көрсеткен режиссер Берік Жаханов.

Биыл фестивальге қатысуға 45 елден 490 фильм ұсыным жіберген. Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша негізгі конкурсқа 30 елден 100 фильм қабылданған.

Негізгі конкурсты халықаралық қазылар алқасы мүшелері бағалады: Аяз Салаев (Әзербайжан), Гульбара Толомушова (Қырғызстан), Камбузия Партови (Иран), Тобиас Бюхнер (Германия) және Захра Бадалбейли (Әзербайжан).

Start film festival халықаралық фестивалін Әзелбайжанның мәдениет министрлігі, Жастар және спорт министрлігі, Жас кинематографистер киноорталығы, Әзербайжан жастары және өндірушілер гильдиясы ұйымдастырған.  Фестивальдің лозунгы «Фильм туралы жүз рет естігенше, жүз фильм көрген артық».

«Асан» фильмі с2017 жылы «Қазақфильм» ұйымдастырған сценарийлер конкурсында жеңімпаз атанып, өндіріске жіберілген болатын. Лента 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің Short Film Corner аясында көрсетілген.

Сонымен қатар, аталған картина Мұсылман киносы ХКФ қатысқан.  III Baikonyr Short Film Festival фильмнің бас кейіпкері (актер Азат Жұмаділ) үздік ер адам рөлі номинациясын жеңіп алды және  VI  «Үміт» ТМД елдері Жастар киносы Форумында арнайы жүлдеге ие болды.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *