«Күлтегін» толықметрлі анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

119

20 қараша күні сағат 14:30-да «Арман» кинотеатрында (Достық даңғылы, 14)  «Күлтегін» толықметрлі анимациялық фильмінің балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық көрсетілімі өтедіМультфильм түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды. Режиссері – Адай Әбілда.

Қайырымдылық көрсетілімге еліміздің танымал актерлері Асылхан Төлепов, Санжар Мәдиев, Төлепберген Байсақалов, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Аян Өтепберген, Жанел Мақажан, Динара Бақтыбаева және түсірілім тобы қатысады.

Іс-шарада балаларға арналған фото және автограф-сессия мен естелік сыйлықтар берілетін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *