Атырауда Назарбаев Университетінің ашық есік күні өтті

87

Жуырда 200-ге жуық адам бағдарлама туралы біліп, өтініш беру талаптары бойынша кеңестер алу үшін Назарбаев Университетінің ашық есік күніне қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

18 қараша күні Назарбаев Университеті мектептерінің профессорлары Атырауда үміткерлерді қабылдады. Қызығушылық танытқан оқушылар мен олардың ата-аналарына университеттің 8 мектебіне түсу, үміткерлерге қол жетімді мүмкіндіктерге байланысты таныстырылымдар өтті, сондай-ақ талапкерлерге жекелей кеңестер берілді.

-Өткен жылы мемлекет басшысы Н.Назарбаев университетінің студенттерін екі есеге ұлғайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Осыған орай, Қазақстанның барлық облыстарында Назарбаев Университетінің ашық есік күндерін өткізу туралы шешім қабылданды. Атырау қаласындағы ашық есік күніне келген үміткерлердің басым көпшілігі Назарбаев Зияткерлік мектебі мен білім — инновация лицейінің оқушылары. Біз Назарбаев Университетіне түсу шарттары, қабылдау емтихандары, студенттік өмір туралы ақпарат бердік, — деді Назарбаев Университетінің өкілі Әсел Ғалиева.

-Аталған іс-шараның біздің қаламызда ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын. Бүгін мен көп пайдалы ақпарат алдым. Назарбаев Университетіне түсуді жоспарлап отырмын және қазірдің өзінде қабылдау емтихандарына дайындықты бастадым, — деді білім-инновация лицейінің оқушысы Әлихан Болатов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *