Лондонда Димаш Құдайбергеннің концерті дүркіреп өтті

449

Лондонда Димаш Құдайбергеннің концерті өтті.

Мәдени шараны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіндегі ҚР елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

«Indigo at the O2» залы бұл күні көрермендерге лық толды. Қазақстан, Чехия, Бельгия, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Германия, Ресей, Финляндия, Чехия секілді әлемнің 45 елінен келген әншінің жанкүйерлері Димашты зор қошеметпен қарсы алды. Екі сағатқа созылған концерт көпшілік күткеннен артық деңгейде өтті. Әнші сахнадағы әрбір нөмірінде әртүрлі киіммен шығып, тек жанды дауыста ән шырқады.

Концерттік бағдарламада Димаш Adajio, Дайдидау, Сағындым, M. Jackson Tribuet, The Show Must go on, «Лейла», If I Never Breathe Again және т.б. әндерді шырқады.

 

«S.O.S» әні орындалған кезде сахнаның алып экранынан мәнерлеп сырғанаушы, марқұм Денис Теннің мұз айдынында өнер көрсеткен видеосы көрсетілген.

Концерттік бағдарламаның соңында Димаш барша көрермендерді Қазақстанға шақырды.

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *