Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» басшысы болып тағайындалды

146

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Осыған дейін бұл қызметте Сауат Мыңбаев болған еді.

Айдарбаев Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында Александровка ауылында дүниеге келген. Еңбек қызметін 1985 жылы «Жетібаймұнай» мекемесінде оператор, технолог, кейін мұнай мен газ өндіру шебері қызметінде бастаған.

Түрлі жылдары бас директордың орынбасары және «Оңтүстікмұнайгаз» бірінші вице-президенті, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтеріндще болған.

2011 жылдың сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма директоры қызметіне тағайындалып, сол жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры болып тағайындалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *