ЮНЕСКО-ға шағым

559

 

ЮНЕСКО қазақ тілін «жойылуы мүмкін» тілдердің қатарына енгізіпті. Ондай тілдердің қатарына әдетте тек тұрмыста, отбасында ғана қолданылатын тілдер жатады. Ал білім саласында, ұйымдарда, мектепте, ЖОО-ларда қолданылатын тілдердің жойылуы мүмкін емес.

Мәселен, бұл тізімге қазақ тілі мен қатар беларусь, башқұрт және чуваш тілдері енген. Әрине, беларусь тілінің енуі түсінікті. Халқының басым бөлігі туған тілін білсе де, студенттерінің 98 пайызы орыс тілінде білім алады. Мектеп оқушылары да негізінен орыс тілінде білім алады.

Қазақ тілін беларусь тілімен салыстырудың еш қисыны жоқ. Бізде оқушылардың 75 пайызы (этникалық шығу тегіне қарамастан) қазақ тілінде білім алады. Ал қазақ тілінде оқитын қазақ этностарының үлес салмағы – 90 пайыз.

ЖОО-ларда да сондай жағдай. Барлық студенттің – 70 пайызы қазақ тілінде, қазақтілді балалардың – 85 пайызы қазақ тілінде білім алады.

Ал қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны мен беларусь тілін меңгергендерді де салыстыруға келмейді. Әлемде беларусьше 6 миллион тұрғын сөйлесе, қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны 15 миллионға жетіп жығылады.

Ең бастысы, қазақ тілі бұл дәрежеге тәуелсіздік жылдарында қол жеткізді. Қазақстанның өзінде қазақша сөйлейтіндердің саны екі есеге артты, қазірдің өзінде артып келеді.

Қазақ тілін башқұрт және чуваш тілдерімен салыстыру тіпті қисынсыз. Бұл тілде сөйлейтіндердің өз отаны болмағандықтан, орыс тілі тарапынан ассимиляцияға ұшырап отыр.

Сол себепті ЮНЕСКО-дан өтініп сұрарымыз, қазақ тілін «жойылуы мүмкін» тілдер қатарынан алып, «қауіпсіз тілдер» қатарына қосу, бұл – қазақ тілінің әлемдік дәрежесінің шынайы бағасы болар еді.

Осы тілде сөйлеуші біз үшін ол неге маңызды? Тілдік кембағалдықты сезінбеу үшін, тілдік кембағалдық тіліміздің арықарай дамуына кері ықпал етуі мүмкін.

Құрметпен Руслан Түсіпбеков

Руслан Тусупбековтің фейсбук парақшасынан, орысшадан аударылды 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *