Т.Жүргенов атындағы академия басшылығы мен ұстаздары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына бірауыздан қолдау білдірді

644

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Н.Ә.Назарбаев өзін қазақтардың тарихи жүріп өткен жолын дәйекті түрде көрсете отырып, қазақ халқының әр кезеңдегі тарихи мұраларын бір арнаға тоғыстыра білген, интеллектуалды, кең ауқымды рухани Көшбасшы ретінде көрсетіп отыр. «Даңқты бабалар мен көне тарихтың ұлылығын сезіну әр қазақтың бойында бар. Бұл сезім — қазақтың дүниетанымының, ұлттық кодының мызғымас бір бөлшегі. Елбасы мақаласы осы жайтты тарихи деректермен, жетістіктермен дәлелдейді. Бұл түркі дүниесінің әлем өркениетіне қосқан үлесі жайлы айтылған пікірлердің шыңы екенін атап өту керек», — деп жазады ол өз мақаласында.

Елбасымыздың ата-бабаларымыздың өркениеттік әлемнің дамуына қосып келе жатқан тарихи үлесін жаңғыртуға бағытталған ірі жобалары қазіргі қазақстандықтардың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани жаңаруына зор ықпал етеді.

Академияның ұстаздары: «Шығармашылық интеллигенция — ғалымдар, тарихшылар, саяси қайраткерлер, әсіресе, өнер саласының өкілдері Мемлекет басшысының жаңа бастамаларына жауап беріп, қолдау көрсететініне сенімдімін» — деді бірауыздан қолдау білдіріп.

Кино және ТВ факультеті «ТВ режиссурасы» кафедрасының профессоры Ғайнижамал Абильдина: «Аталмыш мақаланың ІІ-тарауында «Тарихи сананы жаңғырту» атты тарауында «Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады», — деп атап көрсеткен. Бұл Елбасының көреген саясатының бір парасы. Түркістанды рухани, интеллектуалды орталыққа айналдырып, ішкі туризмді де дамытуға кең жол ашуға мүмкіндік туады. Түркістан қаласы бренд болып қалыптасып, аты әлемге құндылығымен киелі, қасиетті мекен екенін тағы да бір дәлелдей түскендей. Киелі Бабалар мекенінде рухани сабақтасатықта жалғасын табатыны көңілге қуаныш ұялатады» ¬- деп айрықша атап өтті.

Қай кезде де ел басқару, оны қорғау оңай болмаған. Қай заманда да, қай қоғамда да жекелеген тұлғалардың жөні бөлек болған. Ұлы даланың желдей ескен үні – ата-бабалар аманаты Елбасының мақаласында басты назарға алуы тектен тек болмаса керек-ті. «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді», деген жолдары Даңқты бабалар мен көне тарихтың ұлылығын сезіндіреді әрі әр қазақтың бойына күш-қуат беретіні сөзсіз.

Елбасының тарихи маңызы бар мақаласының әрбір жолдарында үлкен мән жатыр. Тағы да елдік һәм рухани санаға серпіліс берді. Бұл серпіліс болашақта жарқын белестерге жетелейді.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Н.Ә.Назарбаев өзін қазақтардың тарихи жүріп өткен жолын дәйекті түрде көрсете отырып, қазақ халқының әр кезеңдегі тарихи мұраларын бір арнаға тоғыстыра білген, интеллектуалды, кең ауқымды рухани Көшбасшы ретінде көрсетіп отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *