Мемқызметшіге сыйлық бергені үшін қандай жаза қолданылады

448

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі алдағы мейрамдар кезінде мемқызметшілерге сыйлық бермеуге кеңес берді, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Равиль Тюлебаевтың айтуынша, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемқызметшілерге сыйлықтар жиі беріледі. Заң бойынша мемлекеттік қызметкерге өзіне жүктелген жұмысы үшін кез келген сыйлықты алуға тыйым салынған. «Егер сыйлықтың көлемі 2 айлық есептік көрсеткіштен (1 АЕК — 2 405 теңге) төмен болса, онда сыйлықты берген адамға 200 айлық есептік көрсеткіш (481 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал сол сыйлықты алған мемлекеттік қызметші 600 айлық есептік көрсеткіштің (1 443 000 теңге) айыппұлын төлеуге міндетті. Сыйлықтың бағасы 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, онда ондай әрекеттер пара болып саналады және қылмыстық іске жатады», — деді Р.Тюлебаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.  Ресми мәліметке сәйкес, ағымдағы жылда заңсыз сыйлықтарды ұсынғаны үшін 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал заңсыз сыйлықты алғаны үшін 5 лауазымды тұлға заң алдында жауап берді. Олардың барлығы 16,1 млн теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді. Ал астаналық кәсіпкер келіншек мемқызметкерге баланс салып беремін деп, мың долларға шығындалды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *