Данэлия Төлешова «Балалар Еуровидениесі» байқауында алтыншы орынға тұрақтады

245

Минск қаласында өткен халықаралық Балалар Еуровидениесі байқауының финалында  отандасымыз Данэлия Төлешова 25-қараша күні 6 орынға ие болды.  қай нөмірмен өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды kazgazeta.kz
Қазылар алқасының және көрермендердің дауыс беру нәтижелері бойынша қазақ және ағылшын тілдерінде «Өзіңе сен» әнін орындаған Алматы қаласының тұрғыны жалпы есеппен 171 ұпай жинады. Онлайн дауыс беру кезінде ол үшінші орында болды.
Биылғы жылы «Балалар Еуровидениесі» байқауының жеңімпазы поляк әншісі Роксан Вэнгель болды, ол «Anyone I Want to Be»әнін орындады.

Екінші орынға Франциялық Анжелина (203 ұпай) алса, үшінші орынға Австралиялық Джаэель (201 ұпай) ие болды.

Еске сала кетейік, Даналия сахнаға үш деген нөмірмен шықты. Сондай-ақ, биыл Қазақстан осы халықаралық балалар байқауға алғаш рет қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *