Қазақстанда IQOS темекі қыздыру жүйесінің жаңа нұсқасын ұсынды

1723

“Филип Моррис Интернэшнл” (ФМИ) әлемдегі түтінсіз инновациялар мен ілеспелі ғылыми зерттеулер саласындағы көшбасшы, шылымқұмарларға үздік таңдау ұсынуға ұмтылу жолында Қазақстанда IQOS темекі қыздыру жүйесінің жаңа нұсқасын ұсынды.

IQOS 3 және IQOS 3 MULTI жаңа құрылғылары тұтынушылармен кері байланысты ескере отырып жасалды. Бұл байыпты ғылыми қорға негізделген темекі қыздыру технологиясын қолдана отырып, дизайны мен сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Құрылғылардың жаңа нұсқалары көптеген кәмелетке толған шылымқұмарлардың сигареттердің түтінсіз баламасына ауысуына көмектесу үшін жасалған.

Жаңа өнімдер алғаш рет 23 қазанда Токио қаласында көрсетілді. Жапония әлемдегі IQOS тұтынушылар саны жөнінен алда болып келеді. Бүгінде 6 миллионға жуық кәмелетке толған шылымқұмарлар құрылғаны пайдалануды жөн көрсе, олардың жартысынан астамы – жапониялықтар. Орта есеппен IQOS тұтынушыларының 70-80%-ы темекі шегуден бас тартады, бұл бүгінде құрылғы темекі шегудің ең тартымды түтінсіз баламасы екенін дәлелдейді.

«Біз шылымқұмарларға зияны аз баламаны ұсыну ниетімізді басшылыққа алдық, ал IQOS-пен біздің армандарымыз шындыққа айналады; бұл — бүкіл дүниежүзіндегі 1,1 млрд. шылымқұмар үшін нағыз революция, — деді «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС басқарушы директоры Айбат Ахметалимов. — IQOS 3 және IQOS 3 MULTI – айтарлықтай жетілдірілген инновациялық өнімдер, бұлармен біз шылым шегетін бүкіл ерлер мен әйелдерді түтінсіз баламаға ауысуға көндіру үшін бір қадам жақындай түсеміз. IQOS пайдаланушылары бұл өнім олардың өміріне көптеген оңды өзгерістер алып келетінін біледі және біз оларға алғыс білдіреміз».

ФМИ компаниясының әр инновациясы мықты ғылыми қорымен жасақталған. ФМИ-дің ғылыми бағалау бағдарламасы фармацевтикалық өнеркәсіптің көпжылдық тәжірибелеріне негізделген, сондай-ақ, АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер сапасын қадағалау басқармасының (FDA) нұсқаулықтарына сәйкес келеді. Темекі жанудың орнына қыздырылатындықтан, темекі түтініндегі зиянды және әлеуетті тұрғыдан зиянды болатын заттардың деңгейі ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын стандартты темекінің түтініне қарағанда, орташа есеппен алғанда, 90-95%-ға қысқарады. Бүгінгі таңдағы зерттеулердің қолда бар нәтижелері IQOS-қа толық ауысудың нәтижесі адам денсаулығына ша қаупі төмен екенін көрсетеді. Дегенмен, бұл IQOS жүйесін пайдаланудың қауіпсіз екенін білдірмейді. Нәтижелер ФМИ өткізген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер барысында алынды. Бұлар сондай-ақ, IQOS бөлмедегі ауа сапасына жағымсыз әсер етпейтінін дәлелдейді.

ФМИ-дің темекі түтінсіз болашақ жайындағы идеясы туралы көбірек www.pmi.com корпоративтік сайтынан білуге болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *