Астанада өткен тәулікте 38 мың текше метрге жуық қар шығарылды

858

Күн сайын көшелерді тазалау жұмыстарын 100 шақты мердігер ұйым жүргізеді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.   

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 25 қарашада тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 693 бірлігі жұмылдырылды. Қала көшелерін қардан тазартуға шыққан жол жұмысшыларының саны – 278 адам. 25 қарашада 37921 текше метр қар шығарылды. «Астана Тазалық» 16437 текше метр қарды шығарса, қалған мердігер ұйымдар – 19646, «Зеленстрой» АҚ – 1838 текше метр қарды қала сыртына жеткізді. 25 қарашада құм-тұз аралас қоспаның 425 текше метрі себілді. 16 қазан мен 25 қараша аралығында қала сыртына шығарылған қардың көлемі 332658 текше метрді құрайды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *