Электр энергиясының жаңа тариф мөлшері бойынша 1 мегаватт үшін 590 мың теңге бекітіледі

750

Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергиясы тарифінің төмендейтінін айтты.

«Өткен аптада алдын ала нәтижелер Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен құрылған жұмыс тобында аталған мәселе қаралды. Онда электр энергиясына шекті тарифтердің ұсынылған деңгейі талқыланды. Электр энергиясы бағасын орташа өлшем дейгенінен қазіргі шекті тарифтен төмендету тәсілі қолдау тапты», — деді министр.

Бозымбаев түпкі тұтынушыларға электр энергиясы бағасын төмендету мақсатында қуатқа шекті тариф мөлшері 1 мегаватт үшін 590 мың теңге бекітілетінін атап өтті.

«Біріншіден, электр станциялары үшін бүгінгі күні көмір бағасын сақтау және делдалдық жүйесін жою маңызды. Екіншіден, 2019 жылы бірінші қаңтардан бастап, энергия беруші және энергия жабдықтаушылардың тарифтерін қазіргі деңгейден төмендету қажет», — деді Қанат Бозымбаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *