Оқулықтағы қателер қашан түзеледі?

494

4 сыныпта оқитын ұлым Бекарыс » әдебиеттік оқулықта» Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиxанов 1983 жылы қайтыс болған дегенді оқып отырғанын естіп,» жоқ , ол одан 19 ғасырда өмір сүрген. Небәрі 30жас жасады. 1983 жыл қайда? Ол туған жыл қайда ? » десем, балам :» мама, кітарта ол 1983 жылы өлді деп жазылған» деп қоймайды. Қарасам… Мына суреттен көргеніңіздей , оқулықтың 87 бетінде солай жазылған. Сапарғали Бегалиннің суретінің қасына жазған. Шоқанның өз суретінің қасында ондай мәлімет жоқ. Осы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарды шығаруға шала- пала қарауды қашан қояр екен. Кішкентай бала Сапарғали Бегалиннің суретіне қарап, ана жазуды оқып, Шоқан Уәлиxанов сондай кісі деп қабылдап, миына теріс тоқып отыр ғой. Оқулығымыздың түрі мынау. Қайдан оңамыз?

 
Бақыт Жаншаеваның фейсбук парақшасынан



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *