«Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің үздік жобасына байқау жарияланды

290

Алматы қалалық Мәдениет және архивтер басқармасы «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс жариялады, деп хабарлайды baq.kz агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

 «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің сұлбалық жобасына өткізілетін ашық шығармашылық конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында көркем сәулеттік-мүсіндік композиция жасау арқылы «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің үздік тұжырымдамалық мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

Ескерткіш «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанының, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының идеялық мағынасын, көркемдік образдық мазмұнын кеңінен ашуы, айна­ладағы сәулеттік және ландшафтық көрініспен үйлесуі, мәңгілік құндылықтар – ерлік пен махаббатты мадақтауы тиіс. Жобада ұзақ мерзімге төзімді материалдар (мәрмәр, гранит, қола және т.б.) қарастырылуы керек.

Төлеген мен Қыз Жібектің қарама-қарсы орналасқан мүсіндері Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараттың қасбетін жаппауы тиіс. Мүсіндердің екі арасындағы аумақта құрғақ субұрқақ жұмыс істеп тұратынын ескеру қажет.

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады. Конкурстың өткізілуі: 2018 жылғы 19 қараша мен 19 желтоқсан аралығы. Жобалар 2018 жылдың 19 желтоқсанынан кешіктірілмей Алматы қалалық Мәдениет және архивтер басқармасына тапсырылу керек.

Басқа қалалардағы авторлар жобаларды белгіленген мерзімінен кешіктірмей пошталық түбіртек нөмірін алдын-ала хабарлай отырып, Алматы қаласы, Мәдениет және архивтер басқармасының мекен-жайына жібереді.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны арқылы алуға болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *