«Ғазизаның сырлы әлемі» атты мерейтойлық кеш өтеді

630

2018 жылдың 7-желтоқсанында сағат 18.30-да Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғазиза Әбдінәбиеваның 70 жылдығына арналған «Ғазизаның сырлы әлемі» атты мерейтойлық кеші өтеді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институты, театр факультетінің актер бөлімін бітіргеннен кейін, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрынан еңбек жолын бастаған өнер иесі – 1993 жылдан бүгінгі күнге дейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында талмай еңбек етіп келеді.

Республикалық және Халықаралық театр фестивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, көрермен қауымға рөлдерінің шынайылығы арқылы танылған Ғазиза Әбдінәбиева театр сахнасында әлемдік классика мен заманауи драматургияда 50-ден астам образдарды сомдаған. Сондай-ақ, ширек ғасыр ғұмырын Әкемтеатрына арнаған актриса балаларға арналған телебағдарламалардағы рөлдері арқылы да көпшіліктің көңіліне жылу ұялатады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *