Қант диабеті бар науқастар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

1758

Қант диабеті бар науқастар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді, деп хабарлайды kazgazeta.kz «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қант диабеті бар науқастар үшін тегін дәрілік препараттарды тарататын медициналық ұйымдар мен дәріханаларға 15,9 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі түсті. «2018 жылы бірыңғай дистрибьютор диабетпен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 47 дәріні сатып алып, жөнелтті. Мұндай дәрі-дәрмекті медициналық ұйымдарға жеткізуде қиындық жоқ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде қант диабеті бар науқастарды емдеу үшін 4 млрд теңге сомаға инсулин және басқа дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар қалдығы жинақталған. Бұл тоқсандық қажеттілікті құрайды. Қазір медициналық ұйымдар 528 млн теңге сомаға талап етілмеген инсулиндерді қайтарды» делінген хабарламада. Дәрі-дәрмекпен қамту байланыс орталығының 1439 нөміріне қарашада мыңдаған қоңырау түскен, оның 20-сы инсулин жеткізудегі үзіліске қатысты. Компания өкілдерінің айтуынша, барлық мәселелер қажеттілікті дұрыс қалыптастырмауға байланысты туындаған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *